Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысына келетін туристердің қатары артқан. Жуырда əкімдіктегі жиынының күн тәртібінде туризмды дамытудың жолдары мен мүмкіндіктері қарастырылды. Күн тәртібіндегі мəселе бойынша кəсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Əсет Әбдіраханов баяндама жасады. Ол өз сөзінде ағымдағы жылы шаһарға келуші туристер легі көбейгенін атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда биыл облысымызға келген туристер саны 4000 адамға артқан. Туризмді дамыту мүмкіндіктері ретінде Ə.Әбдіраханов «Шымкент Плаза» сауда орталығының, бес жұлдызды «Holiday Inn Shymkent» қонақ үйінің ашылуы, «Shymkent city» жобасының іске асырылуы, «Shymkent mall» сауда орталығының, жаңа əуежай мен темір жол вокзалының құрылысы, сондай-ақ Бадам өзені жағалауы мен Тоғыс су қоймасы оң ықпал еткенін, «Ескі қаланы» туристік аймаққа айналдыру қажеттілігін атап өтті. Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында 131 мамандандырылған туристік ұйым жұмыс істеуде. Оның ішінде 25 туроператор, 106 туристік агенттік, 2 балалар сауықтыру лагері, 41 туристік нысан мен 69 қонақ үй жұмыс істеп тұр.