Бүгін «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісінде қаралған екінші мәселе облыстық Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Б.Есқараев ҚР еңбек заңнамасының сақталуын бақылау мақсатында осы жылдың 10 айында мекемелер мен кәсіпорындарда 702 тексеру жүргізілгенін хабарлады. Оның айтуынша, жүргізілген тексерулердің барысында біршама кемшіліктер анықталғанын нақтылады. Яғни оның 840 еңбек туралы, 254 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша болса, 71-і өзгеде фактілер. Анықталған заң бұзушылықтардың ішінде 1035-і жойылып, заңға сәйкестендірілген. Алдағы уақытта еңбек заңдылығын сақталуы үшін түрлі іс-шаралар атқарылып жатқандығын жеткізді. Саяси кеңесте айтылған мәселелерге қаныққан әкім еңбек тәртібі бойынша халықпен жүйелі түрде жүздесіп, әрбір азаматқа еңбек құқығын кеңінен түсіндіруді айтты. Сондай-ақ, осы салаға серпіліс беретін жаңаша жұмыс жоспарын жасауды тапсырды. Баяндамашыларды тыңдаған Саяси кеңесі бюросының мүшелері атқарылған жұмыстар бойынша қаулы қабылданып, Отырар ауданының әкімі партия мүшесі Е.Айтахановтың атқарған жұмыстарының есебі назарға алынды. Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев Саяси кеңес бюросы мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелер бойынша алдағы уақытта нақты жұмыстар атқарылатынын айтып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпіліс беретін мемлекеттік бағдарламалардың, оның ішінде «Нұрлы Жол» бағдарламасының орындалуын бақылау партияның негізгі міндетінің бірі екенін айтты.