Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауға келген келесі азамат — Алтынбек Төлеубаев. Шымкенттік зейнеткер құрылыс және электроэнергетика саласында инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін Ж.Түймебаевтың тарапынан оң ықпал көрсетуді сұрады. Бүгінге дейін 2 ғылыми жаңалық ашып, 21 патентке ие болған өнертапқыш бұл жолы энергетика саласы мен құрылысқа қатысты тың жобаларын таныстырды. Ол электр қуатын өзгеше тәсілде өндіріп, пеногазоблок құрылыс материалдары жобалары бойынша көмек алғысы келеді. Айтуынша, соны жобалары іске асқанда ерекше жағдайда өндірілген электр энегриясын ірі кәсіпорындар мен автокөліктерге қолдануға болады, ал құрылыс материалы жер сілкінісі кезінде ғимараттың шайқалу қабілетін бәсеңдетуге себеп болады. Бұл ұсыныстарға оң көзқарас танытқан облыс басшысы жобаларды ең алдымен, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың арнайы технопаркінде тәжірибеден өткізіп, байқауды тапсырды. Әсіресе, құрылыс материалының сапалы да, арзан бағада болуы керектігіне назар аударған әкім оның тиімділігі дәлелденген кезде жаңалықтың өндіріске енгізілетінін хабарлады. Күн тәртібінде облысқа инвестиция тарту жайын қозғаған Бәйдібек ауданының тұрғынының ұсынысын аймақ басшысы да қолдады. Шыны талшық (стекловолокно), металл өндіру, экотуризм салалары бойынша қаржы аударуға ниетті инвесторға түрлі салалар бойынша барынша қолдаулардың көрсетілетінін айтты.
ФОТОГАЛЕРЕЯ