Тәуелсіздік алған 25 жылдығына орай аудан, қала басшылары жеткен жетістіктерді жіпке тізіп, есеп беруде. Биылғы жыл Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданының жеткен жетістіктері жоғары. Егемендік алғанға дейінгі және кейінгі кезеңдерді салыстыруға келмейді. 1991 жылы аудан халқының саны 83 мың болса, 25 жылда 110 мыңға жетіп отыр. Бюджет көлемін де ұлғайып, бүгінде 115 есеге көбейген. Қазығұрт – ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдыңғы лектегі аудандардың бірі. Астық, майлф дақылдар, көкөніс, жеміс-жидек өндіруден жыл сайын озат атанып жүр. Биыл ауданда егістік көлемі артып, жиналған өнім жылдағыдан әлдеқайда артқандығы байқалады. Жалпы өңірлік өнім – 74,2 млрд. теңгеге жетіп, 30,6 есеге өсіп отыр. Ауданда шағын және орта кәсіп дамып келеді. Соның арқасында 1617 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрап отыр. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының ауданда жүзеге асуы жоғары. Бүгінге дейін 7 жоба мақұлданып, 4-і іске асқан. Тез дайын болатын «Лотус фуд компани ЛЛС» — компаниясының өрнімдері бүгінде сөрелерде сықасып тұр. Бұрын соңды мұндай тағам түрі өзімізде өндіріледі ау деген ой болмағаны рас. Әлеуметтік мәселелер де назардан тыс қалмақ емес. Аудан халқын сапалы ауыз су және көгілдір отынмен қамту бірінші кезектегі мәселе. Қазіргі таңда ауданда 64 елдімекеннің 42-не ауыз су құбыры тартылған. Ал, тұрғындарды көгілдір отынмен қамту ісі 65,6 пайызды құрап отыр.