Оңтүстік Қазақстан облысындағы Төлеби ауданы Зертас ауылдық округінде егіншілікпен айналысатын шаруалар көп. Көктемнің бір күні жылға азық екенін білетін диқандар ала жаздай аптап ыстықпен алысып өнім суғарып баптаса қоңыр күзде өнім жинап бір марқайып қалады. Ал күздік жр жырту жұмыстары көктемнің қамы. Бүгінде Зертастық шаруалар күзгі жиын терімін әлі де жалғастыруда. Одан қалса егіс жырту жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Осы ауылдағы «Сейдраман» өндірістік кооперативі басшысы Үсіпбеков Қаныбек жер жыртып, егін егіп халыққа қызмет етіп жүрген дихан. Өндірістік кооператив жерінің 113 гектарына сүрлемдік жүгері егіп, гектарына 4,5 тонна өнім алып, 500 тонна сүрлем басылды. Дихан жерін жыртуға, егінін егу мен сүрлемді басу үшін шетелдік «Джон дир» техникасын пайдаланып, жүгерінің өнімділігі мен түсімділігінің, өскінін алға тартады. Себебі, бұл техника жер жыртудан бастап, өнім алынғанға дейін қызмет жасайды. Осы ауылдың тумасы Өскенбаев Махалбай «Махалбай» шаруа қожалығының төрағасы 1 гектар жерге пекин қырыққабатын егіп, 28 тонна өнім алуда. Бұл көкөніс ауданда эксперименттік жоба бола тұра, өзінің жоғары өнімділігін көрсетті. Дихан басқа да көкөністерді сынақ ретінде өсіріп, өнім түрлеріін кеңейтуді көздеп отыр. Алдағы жылы шаруа қожалық иелері пекин қырыққабатының көлемін көбейтуге жұмыс жасауда.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498