Оңтүстіктегі Ордабасы ауданында баспана мәселесі түбегейлі оң шешімін табатын түрі бар. Күні кеше аудан орталығы Темырланда кезекте тұрған тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға арналған көпқабатты 14 тұрғынүйдің құрылысы басталды. Араға жыл салып олардың барлығы да баспаналы болып, қоныс тойын тойлайтын болады. Одан кейін де тұрғын үй тұрғызу ісі жалғасын табатын болады. Бүгінгі күні нысанның жер қазу жұмыстары аяқталып, оның инженерлік инфроқұрылымы жүргізіліп жатыр. Аудан орталығында салынып жатқан баспаналарға жаңа технологиялар қолданылуда. Бұрын соңды облыс бйоынша да мұндай ерекше жүйе қолданылмаған. Су құбырларының астына битуммен топырақ араластырып салынып жатыр. Бұл тәсіл бойынша жер астынан жоғары көтерілетін суды ұстап тұрады. Құрылыстағы жаңа тәсілдің арқасында жерасты жүргізілген су құбырларына нұқсан келмейді. Пайдалану мерзімін 50-60 жылға дейін ұзартады. Жаңа технолгияларды қолдана отырып салынып жатқан үйлердің сапасы да мықты болмақ.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498