ОҚО-ы «Нұр Отан» партиясының Түлкібас аудандық филиалы көптеген игі шараларға мұрындық болып жүр. Жуырда саяси партияның ұйытқы болуымен көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеге мүмкіндігі шектеулі азаматтар да үміт күтіп келген екен. Олардың біразы бос қайтқан жоқ. Ал алтын алқалы аналардың біразы аспаз болып, енді бірі күзетші болып жұмысқа қабылданды. Енді біразы жұмыс ұсынушы мекемелермен келісіп қайтты. Үміт күтіп келгендердің біразы жұмысты болып тарасты. Олардың басым бөлігі осындай аса шараларды ұйымдастырып отырған партия басшыларына ризашылықтарын білдіріп жатты. Сондай-ақ шара барысында мүмкіндігі шектеулі баланы асырап отырған ата-аналарға да жұмыс орындары ұсынылды. Олардың бірқатары жұмыс ұсынған мекеме басшыларымен келісімге келді. Аудандық жұмыспен қамту орталығында өткен жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нұранов аз қамтылған отбасылардың өздерін қоғамның бір мүшесі екендігін сезініп, тез бейімделіп, заман ағымына сай толқынға ілесіп кетуі үшін осындай кешенді іс-шараларды көбірек жүзеге асыру қажеттігін айтты. Алдағы уақытта да аталған іс шара жалғасын табатын болады.