Оңтүстік Қазақстан облысының жетістіктерін еселеуге өнім өндіріп қана емес, руханиятқа қызмет етіп де үлес қосып жүрген азаматтар аз емес. Әсіресе күнгейдің толайым табыстарын анимациялық фильм ретінде түсіріп, тарту етіп жүрген Батырхан Дәуренбектоың еңбегі қандай мақтауыңызға да лайық. Студиясында түсірген фильмдері тек облыстың ғана емес еліміздің атын шетелдерде асқақтатып жүр. Жуырда Испания мемлекеті Барселона қаласында өтіп жатқан «Casa Asia» Халықаралық кинофестивалінде еліміздің атынан қатысқан режиссер Б.Дәуренбековтың «Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмі үлкен ықыласқа бөленіп, тарихи, патриоттық фильм ретінде жоғары бағаланды. Жюри мүшесі, режиссер Бриджио Сантос, Канн кинофестивалінің ұйымдастырушылары фильмді Канн кинофестиваліне шақырып, ұсыныс жасады. Одан басқа Филиппин, Тайланд елдерінде көрсетілуін ұсынды. 20 елден келген 80-ге жуық фильммен қатар үлкен додаға түскен Оңтүстіктен шыққан анимациялық фильмнің күнгей жұрты үшін мəртебесі үлкен әрі, мақтаныш әрине.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498