Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «Егер біздің азаматтарымыз өздерінің ауыл маңдарында, өз үйлерінің айналасына, барлық облыстық, қала орталықтарында жыл сайын ағаш отырғызатын болса, біз жасыл ел құрамыз. Мен мұны үлкен іс деп санаймын. Барша қазақстандықтарды жыл сайын ағаш отырғызуға шақырамын», — деген болатын. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ОҚО Арыс қаласының әкімі М.Қадырбектің бекіткен іс-шарасы аясында С.Адамбеков және И.Журба атындағы жалпы орта мектептерінде 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Туған жерді түлет» тақырыбында ағаш егу акциясы өтті. Акцияның мақсаты жастарды мектеп аумағын көгалдандыруға, сол арқылы туған жерлерін түлетуге, отанға деген сүйіспеншілік қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. Аталған акцияға 1-сынып оқушылары қатысып, мектеп ауласына 200-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызды. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта қаламыздағы және ауылдық округтердегі мектептерде жалғасын табатын болады.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498