Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткізген толағай табыстарды бүгінде әрбір аудан жария етуде. Оңтүстік Қазақстан облысындағы табысы толымды аудандардың бірі Қазығұрт ауданы. Аталған ауданда жалпы өңірлік өнім 74,2 млрд. теңгеге жетіп, 30,6 есеге артқан. Ал өнеркәсіп өнімінің көлемі 4 431,7 млн. теңгеге жетіп, 45,8 есеге өсіп отыр. Осы жылдар аралығында Қазығұрт ауданына жалпы 102,7 млрд. теңге инвестиция тартылса, 2016 жылы 13 963,3 млн. теңгеге дейін өсіп отыр. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2012 жылдан бері жалпы саны 28 жоба қолдау тапқан. Ауданда шығарылған өнім көлемі және көрсетілген қызмет пен жұмыс көлемдері 33,3 млрд теңге болып, 1991 жылмен салыстырғанда 51 есеге артқан. Кәсіпкерлікті дамытуға 6 несие беру ұйымдары арқылы, 2009 жылдан бері аудан кәсіпкерлеріне 9,8 млрд.теңге қаржы берілген. Қаржылық қолдаудың арқасында бүгінде аудан кәсіпкерлері істерін өрге домалатып отыр. Заманауи тың үрдістерді кең көлемде қолға алудың арқасында ауданда тамшылатып суару әдісінің арқасында өнім көлемі артып келеді. Биыл осы әдістің арқасында 4,5 мың тонна көкөніс өнімдері жиналған. Ал егістіктің жалпы көлемі 2384 гектарға, ал жылыжайлар көлемі 88,9 гектарға жеткен. Осы жылыжайлардан биыл мол өнім алынды. Ал егіс көлемі өткен жылдан 2290 гектарға артып, 83908 гектарды құрап отыр. Алдағы уақытта суғармалы егіс көлемін арттыру қолға алынуда.