Күнгейдегі Қазығұрт ауданындағы биылғы өнім түсімі расында ауыз толтырып айтарлықтай. Ағымдағы жылы дәндік жүгеріден 2061,2 тонна, көкөністен 10397 тонна, бақшадан 2550 тонна, картоптан 5189 тонна, масақты дақылдардан 113251 тонна өнім жиналған. Ал, бидайдың орташа өнімділігі 26,9 центнерді құрады. Мұнан бөлек, Тәуелсіздік жылдары ірі қара мал саны 64 880 басқа жетіп, 1,5 есеге, қой-ешкі саны 356 843 басқа жетіп, 1,3 есеге, жылқы саны 28 331 басқа жетіп, 2,2 есеге өскен. Бүгінгі күнге ауданда 569 ірі қара мал бордақылау алаңдарында 9023 бас мал бордақыланып, 13015 тонна ет өндірілді. Ет өнімі 13 015 тоннаға жетіп, 1,3 есеге, сүт өнімі 43 488,7 тоннаға жетіп, 1,2 есеге өскен. Жалпы, құрылыс саласы бойынша 2001-2016 жылдар аралығында 18,3 млрд. теңгеге 131 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ауданда Тәуелсіздік жылдары 32 мектеп, 7 балабақша, 1 мәдениет үйі, 1 аудандық аурухана мен емхана, 8 дәрігерлік амбулатория, 1 ауылдық емхана, 1 ауылдық аурухана ғимараты, 9 фельдшерлік-акушерлік және 9 медициналық тіректер салынған. Газдандыру жұмыстары бойынша 64 елді мекеннің бүгінгі таңға 26 немесе 40 пайызы табиғи газбен қамтылған. Қазіргі таңда құрылысы аяқталған 16 елді мекенге табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аудан бойынша 42 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Осылайша қазығұрттықтар өзге аудандардан көшілгері алда.