Мұнан соң, жұмысшы топ ОҚО онкологиялық диспансерге жапсарлас 75 орындық палаталық корпустың құрылысын аралап көрді. Аталған ғимаратты салуға тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы болып табылады. Ал ғимараттың құрылысын «Тұр-Ахмет и Компания» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Өткен жылдың шілде айында басталған құрылыс жұмыстары 2017 жылдың тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Облыстық онкологиялық диспансердің бас дәрігері өңірде бүгінде 12 мыңнан астам адам қатерлі ісік дертімен есепте тұрғанын, ал жыл сайын 3 мыңнан астам азамат онкологиялық ауруларға шалдығатыны анықталатынын айтты. Жоғарыда аталған мәліметтерді тыңдаған өңір басшысы қатерлі ісік ауруын емдеуде Франция мен Белгиядан мамандар алып келіп, олардың емдеу тәсілдерін қолданып, тәжірибие алмасу үшін жұмыстар жүргізілетінін атап өтті. Айта кетейік, облыстық онкологиялық диспансерде түрлі онкологиялық аурулармен 230-дан астам науқас емделуде. Бүгінгі таңда, ондағы әр палатада 6-7 адамнан орналасса, жаңа жапсарлас құрылыс ғимараты біткен соң емделушілерге деген палата саны артады деп жоспарлануда. Аталған ауруханалардың жаңадан бой көтеріп жатқан қосымша ғимараттары пайдалануға берілген соң аз да болса науқас жандардың саулығына септігін тигізері сөзсіз. Мұның барлығы да өңірдегі әлеуметтік салаға көптеп көңіл бөлудің нәтижесі болып табылады.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498