Оңтүстік Қазақстан облысы көп ұлттың басын қосқан берекелі өңірдің бірі екендігі белгілі. Бүгінде өңірімізде ұлттарды бірлікке, татулыққа үндейтін түрлі игі шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi нығайту шараларына басымдық берілуде. Жуырда облыс орталығындағы «Қазына» этно-тарихи кешені аумағында өңірдегі түрлі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері ағаш көшеттерін отырғызды. Этнос өкілдері бұл бастаманы облыс әкімі, ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Жансейіт Түймебаевтың ұлысымыздың ұйытқысы Оңтүстікті жасыл желекке айналдыру туралы байыпты бастамасына қолдау білдіру деп отыр. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған игі шараға облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов, ОҚО ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Рахманбердиев қатысты. Шараға атсалысқан ассамблея мүшелері көшет отырғызған аймақты «Достық аллеясы» деп атау жөнінде ұсыныс білдірді. Ұлттар достығын нығайтуды мақсат еткен мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498