Әлеуметтің жағдайы ешуақытта да назардан тыс қалған емес. Осы бағытта мезгілімен жыл сайын тқрақтандыру қоры құрылып жұмыс істеп келеді. Мәселен Оңтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорында жинақталған азық-түліктер облыс орталығында әр сенбі және жексенбі күндері өтетін жәрмеңкеде сатылуда. Әрі мұндай арзан өнімдер сатылымы аудандар мен қалаларда да сатылуда. Тұрақтандыру қоры тұрғындарды әлеуметтік тауармен қамту және бағаны қолдан көтеру сынды жайттарды жою мақсатында құрылған. Әрі арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша тауарларды белгіленген арзан баға бойынша сатылымға жібереді. Мәселен, азық-түліктің ең қажеттісі картоп пен сәбіздің келісі 65 теңгеден, ал құмшекердің келісі – 220, күнбағыс майы 1 литрі — 350, 5 литрі — 1750 теңгеге саудаланып отыр. Облыс орталығында сенбі күні жәрмеңке Мәделі Қожа көшесіндегі «Қажымұқан» стадионында ал, жексенбі күні Арғынбеков көшесі, «Рахима Плаза» ойын-сауық кешенінде өтеді. Сонымен қатар, сатып алуға өтінімдер беру үшін байланыс телефондары да жұмыс істеп тұр. Базардағы бағадан әлдеқайда арзан жәрмеңкеден керегін сатып алған әлеумет риза. Бұл сәл де болса халықтың қалтасынан қағылмауына көмек болары сөзсіз.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498