Отан алдындағы борышын өтеу әрбір ер-азаматтың міндеті. Биыл ОҚО-да күзгі әскерге шақыру науқаны аясында жастарды ҚР Қарулы күштері қатарына салтанатты шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Күнгейдің 55 азаматы еліміздің құрлықтық әскер бөлімшелеріне қысқа мерзімді отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Шығарып салу рәсімі барысында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев: «Биылдың өзінде ҚР Қарулы күштері қатарында 2,5 мыңнан астам оңтүстік азаматтары борышын өтеуде. Әр адам отанын сүюді өзінен бастаса ғана нәтиже шығады, яғни еліміз дамып, жер көркейеді. Міне сол үшін де әр адам өз деңгейінде еліміздің өркендеп өсуіне, гүлденуіне, тыныш әрі бейбіт өмір сүруіне үлес қосатынына сенімдімін. Жас сарбаздарға елді қорғауда табыс тілеймін»,-деді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының қарсаңында, жас буын отан алдында мемлекетіміздің тұтастығы мен тыныштығын және егемендігін сақтау үшін әскери борышын өтемек. Ал, жаттығу кешенінде әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелердің түлектері БМП-2,Т-2 құрлық әскерлері жауынгерлік техникаларының стимуляторында өз күштерін сынап көрді. Жыл сайын еліміздің әскер қатарына 4 мыңнан астам сарбаз аттанады күнгейден. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып саналады. Жас сарбаздар отан алдындағы борышын адал атқарып, кәсіби міндеттемелерді жоғары деңгейде үйреніп шығары анық.