Түркістанға сапары барысында өңір басшысы жаңадан бой көтерген «Отырар» шағын ауданындағы тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан орталығында салынып жатқан ықшамаудандағы тұрғын үйлердің сапасын сын тезінен өткізді. Аталған тұрғын жайға тек отандық құрылыс материалдарын пайдалану қажеттігін қатаң ескертті. Бұл өз кезегінде отандық өндірістің дамуына септігін тигізері сөзсіз. Ең алдымен әлеуметтің жағдайын жақсартуға баса назар аударылуының арқасында тұрғын үйлер тұрғызылуда. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, аталған ықшам аудандағы 5 қабатты екі тұрғын үй, яғни 120 пәтер үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен отбасыларға пайдалануға берілмек. Қазіргі таңда мұнда тағы 60 пәтерлі 8 тұрғын үй мен «Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы» арқылы 72 пәтерлік 2 тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Қала тұрғындарының саны жыл жылжыған сайын ұлғайып келеді. Бүгінге дейін Түркістан қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтар саны 3 мыңнан асады. Олардың барлығының да өтінішін қанағаттандыру мақсатында баспаналар бой көтеруде. Жаңа ықшамауданға «Отырар» деген атау берілді. Алдағы уақытта жаңа ықшамауданда тағы да 100 тұрғын үй бой көтеретін болады. ОҚО-ғы ең үлкен қаланың әлеуметтік мәселелері біртіндеп шешімін тауып келеді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498