Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Түркістанға сапары барысында қаланың батыс бөлігінде орналасқан индустриалды аймақтың жұмысымен де танысты. Аумағы 40 гектар болатын индустриалды аймақта құны 8865,5 миллион теңге болатын 14 жоба орналастырылып, 720 жаңа жұмыс орны құрылады деген жоспар бар. Бүгінде индустриалдық аумақта аталған жобалардың 5-уі жұмыс істеп тұр. Жоспарланған жобалардың барлығы да жүзеге асқан жағдайда қаланың экономикалық дамуына зор үлес қосары белгілі. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына да көмегі көп болмақ. Жұмыссыздардың қатары азаюына үлес қосқалы тұр. Аталған аймақта өңір басшысы жиһаз шығаратын «Гранд Микс» кәсіпорнының жұмысын жоғары бағалады. Бүгінде бүкіл елімізді сапалы жиһаздармен қамтып отырған кәсіпорынның өнімінің бағасы төмен, нарықта жоғары сұранысқа ие. Сапасы жоғары жиһаз шығаратын кәсіпкердің жұмысына оң бағасын берді. Осында өндірілген өнімді барынша насихаттап, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде өтетін кәсіпкерлік көрмелерге қатыстыруды жүктеді. Осылайша отандық өнімнің сұранысын одан да арттырып, нарық аясын кеңейтуді басты назарда ұстау қажеттігін ескертті.