Оңтүстік Қазақстан облысында «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты шара кең көлемде аталып өтуде. Күні кеше 25 жұлдызды күндерінің екіншісі – «Мемлекеттік рәміздер» күні ретінде аталып өтті. Оған облыстағы барлық мекеме, жоғарғы оқу орындары бір кісідей атсалысты. Осы шараға орай, өңірдің белсенді жастары елдің есінде қалатындай ерекше флешмоб ұйымдастырды. Облыс орталығындағы көшбасшы оқу орнының бірі М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 250 студенті қатар тұрып «Мен Қазақстанды сүйемін» деген жазу құрастырды. Сонымен бірге, «I LOVE KZ» жалпыұлттық флешмобы аясында әлеуметтік желі белсенділері мен қолданушылары Қазақстан туымен селфи жасап, рәміздер күнін ұлықтауды одан әрі жалғастырды. Облыс көлемінде бастау алған 25 жұлдызды күннің екінші таңын бір мезетте 600 мыңға жуық жас әнұран айтып атырды. Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында ұйымдастырылған ұлттық рәміздерімізді ұлықтау шарасы кезінде бір ғана Кентау қаласының өзінде көпшілікке көлік пен төрге ілінетін мыңға тарта ту таратылды. Егеменді елдігіміздің нышанына айналған рәміздерді құрметтеу шаралары мұнымен аяқталған жоқ. Облыстағы барлық аудан, қалаларда «Мемлекеттік рәміздерге құрмет» атты жастар арасында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, «Мен қазақстандықпын» шығармалар байқауы өтті.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498