«Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме еліміздің ширек ғасырда қол жеткізген жоғары көрсеткіштері — «Қазақстан 2050» стратегиясы, Елордасы — Астананың дамуы, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сынды 14 тақырыптық бөлімнен тұрса, қалған 12 бөлім Оңтүстік Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен шағын және орта бизнестің дамуы, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы мен білім, мәдениет, спорт және туризмнің дамуына арналды. Сонымен бірге, шара аясында егіз туылған нәрестелердің ата-аналарына туу туралы куәліктер беріліп, қоғам өміріне етене араласып, белсенді көзге түсіп жүрген 16 жасқа толған азаматтарға жеке куәліктер тапсырылды. Ал мереке қарсаңында шаңырақ көтеріп, отбасын құрған жас жұбайларға неке куәлігі табысталды. «Қазақстан Республикасының Конституциясы» жұлдызды күніндегі шаралар мұнымен бітпейді. Кешке дейін аудан, қалалардағы кітапханаларда «Жеті Жарғы» кітап көрмелері ұйымдастырылып, мәдениет мекемелерінде зиялы қауымның қатысуымен «Мемлекеттілік тарихы» жобасы өтпек. Сондай-ақ, жастарға арналған «Жанұя» қысқаметражды фильмінің тұсаукесері өтсе, білім беру ұйымдарында «Айбарлы Ата заң» тақыбырында ашық сабақтар ұйымдастырылады