ОҚО-дағы Отырар ауданындағы халық саны – 55 600-ды құрайды. Жалпы, ауданда бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 716 азамат тіркелген. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойы қарсаңында отырарлық бір қауым ел қоныс тойын тойлады. Атап айтқанда ауданға қарасты Қоғам ауыл округіндегі Мыңшұқыр елді мекенінде 180 пәтерлі көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға берілді. Су жаңа пәтерлердің кілтін иемденген қоныс той иедерінің қуанышында шек жоқ. Жаңа қоныс иелеріне құтты болсын айтқан өңір басшысы Ж.Түймебаев жаңа үйлі болатындардың қатары алдағы уақытта мұнан да көп болатынына сенім білдірді. Аталған тұрғын жайлар «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынған. Оның іргетасы өткен жылдың қазан айында басталған болатын. Жалпы ауданы 18 792 шаршы метр болатын көпқабатты баспаналарда 90 бір бөлмелі, 90 екі бөлмелі және 90 үш бөлмелі пәтер бар. Алдағы уақытта Отырарда 450 пәтерлі 25 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Осылайша баспана мәселесі шешімін таппақ.