Жуырда Шымкент қаласында «Жас Отан» жастар қанатының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының қолдауымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында «XIII Legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру қорының ұйымдастыруымен «Street workout» маусымының ашылу салтанаты өтті. Маусымның ашылуына 150-ге жуық жас қатысты. Маусымның ашылуына орай жастар арасында «Streetlifting» жарысы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Сонымен қатар, жастар арасында бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтті. Іс-шара «Жеңіс» саябағынан басталып, «Тәуелсіздік» саябағында аяқталды. Жалпы іс—шараға қатысушылар 3,5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. «Жас Отан» жастар қанатының белсендісі, Жұлдыз Намаз: «Бұл іс-шараны өткізудегі мақсатымыз: — жастардың спортпен шұғылдануына қызығушылығын аттыру және бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады. Сонымен қатар, жаңа қазақстандық патриотизмді, ұлттық рухты қалыптастыру, егеменді еліміздің қол жеткізген жетістіктерін дәріптеу, қала тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбилеу. Алдағы уақытта, осы бағытта іс-шаралар ұйымдастыратын боламыз!»
«XIII Legion» салауатты өмір салтын қалыптастыру қорының өкілі, Дмитрий Подебида: Бүгін біз, «STREETWORKOUT» маусымын аштық. Біздің мақсатымыз көктем, жаз айларын жастардың Шымкент қаласы әкімдігігің қолдауымен ашылған стритворкаут алаңшаларында жастарды жаттықтыру болып табылады.