Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазастан мемлекеттік университетінде «Жасөспірімдер мен жастар арасында деструктивті ағымдардың ықпалының алдын алу» бойынша іс-шара болып өтті. Аталмыш іс-шараға ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Тұсынбай Нұржан Арыстанбекұлы қатысты.
Іс-шара барысында студенттерге діни экстремизмнің адамдар арасына іріткі салуға, өшпенділік отын тұтатуға, қантөгістерұйымдастыруға жол ашатынын, пиғылы бөтен, қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, бірлігімізге сызат түсетіндігін түсіндірді. Дін хақында аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Дей тұрғанмен, қоғам өмірінде маңызды орын алатын бұл мәселеге өте мұқият назар аудару қажеттігін дүрбелеңге толы дәуірдің өзі дәлелдеп отыр. Ұлтымыздың мақтанышы ұлы Абай Құнанбайұлы: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегенде келер ұрпаққа көп жайттан хабар бергені ақиқат. Сондықтан да бұлар Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мынадай жолдар атап көрсетілгені белгілі: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін — ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.
Елбасымыз «Экстремизммен күрес әйтеуір жазықтыны іздеп табуға айналып кетпеуге және дінмен күреске жалғасып кетпеуге тиіс», — деп шегелеп айтқанын естен шығармаған жөн. Яғни Мемлекет басшысы мұнда шынайы дін мен сол дінді бетперде еткісі келетіндердің аражігін ажыратып берген.
Кездесу соңында Н.Тұрсынбай жастарды жат діни ағымдардан сақ болуға, халқымыздың діни ұстанымы мен салт — дәстүрлерін қастерлеуге, отансүйгіштікке шақырды.
«Әлеуметтік бастамалар орталығы»