Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығында» жастарға психологиялық көмек көрсету және дағдарыстың алдын-алу бөлімі ашылды. Негізінде мұнда 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға қолдау көрсету мақсаты көзделіп отыр. Бөлімде төрт психолог — кеңесші жұмыс істейді. Бұл жерде қиын жағдайда қалып қойған жасөспірімдерге орталықтандырылған сымтетік (Call-центр) арқылы психолог мамандар тегін көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, рухани жәрдемге мұқтаж жандар үшін тренинг залы, жеке қабылдау бөлмесі арнайы керекті құрал-жабдықтармен жабдықталып, толық пайдалануға берілді. Сонымен қатар, аталған орталықта жастар мен жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің және аутодиструктивті оқиғалардың алдын-алу мақсатында 10 жоғары және арнаулы оқу орындарында кездесулер және жас отбасылармен «Неке және Отбасы» тақырыбында сабақтар ұйымдастыру, жеке психологиялық мәселелері бойынша жүгінген азаматтарға моральдық тұрғыда қолдау көрсету, дұрыс шешім қабылдауын ұғындыру, тиісінше проблемалық мәселелерін шешуге көмек көрсету жөнінде түрлі іс-шаралар жүргізіледі деп күтілуде.
Связанные истории
18.01.2021
25866
26.02.2020
25899