Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: avto.ru

«Запорожец»-тің артқы есігі

2974 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2015-04-18

Менің көршім Бағланның қалай үйленгені туралы (бұл аты шулы анекдотқа тұрарлық) оқиғаны сыныптастары әлі күнге дейін аңыз қылып айтады. Осы оқиғадан кейін құрдастары оны Шурик атандырды. Шурик-Бағланның мінезі әпенділеу, жүрген жерінде жұртты күлкіге қарық қылады да жүреді. Әскер қатарындағы борышын өтеп келіп, бойындағы қара күшін қайда жұмсарын білмей жүрген Бағлан ойда-жоқта көшеде көзіне жылыұшыраған бейтаныс арумен танысып қалады. Қылшылдаған бойдақ жігіт үйде тұрсын ба, күнде кешкісін жоғалып кетіп жүреді. Қазір үйленем деген ойында жоқ досымыз жүрегін жаулап алған арумен мақсаттарын бір арнаға тоғыстырмақ болып, үйленуге бір-ақ күнде бел байлайды. Ол кезде қазіргідей кез-келген жерде үймелеп тұратын таксилер жоқтың қасы. Көшеде тұрып әр көлікке қол көтерсе, бірде бірі тоқтамайды. Тезірек құсын қолына қондыруға асыққан Бағлан бағаналы бері тек «Волга», «Жигулилерге» қол көтерсе, енді тағаты таусылып кез-келген көлікке қол көтере береді. 80-ші жылдардың аяғы қазіргідей ағылып жатқан иномаркалар аз, аты аталған көліктеріңнің өзі тұмсығын көкке тіреп, кез келгеннің қолы жете бермейтін уақыт.

Сонымен шыдамы таусылған қос ғашықтың қасына бір «Запорожец» келіп тоқтай қалады. Қыз құрметтеуден мақұрым досымыз алдыңғы есігін ашады да өзі отырып алады. Бұрын «Запорожецке» мініп көрмеген Бағлан ойлайды ғой «Мағираш артқы есігін ашып өзі отырады» деп. Қыз байғұс не істерін білмей қала береді. Жүргізуші қайдан білсін «Біреуі қалады екен ғой» деп көлігін жүргізіп кете барады. Біраз жерге барып артына қараса қыз жоқ. «Өй» деп шошып кеткен Бағлан көлікті жарты жолдан қайтарады. Мағираштың қасына келіп тоқтаған соң көліктен түскен Бағлан енді есі кіріп, артқы есігін ашып қызды отырғызбақ болады. Ары қарайды, бері қарайды. Артқы есігін таппайды. Сол кезде ғана «Е, «Запорожецтің» артқы есігі болмайды екен ғой» деген миына «сигнал» барады... Сөйтіп біздің көрші әлемді аузына қаратып «ақ тұлпармен» осылай қыз алып қашып еді...

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда

2023-03-28: Қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың ұрпақтарынан естелік-әңгімелер мен мәліметтерді, құжаттар мен фотоларды жинақтауда 16 0

2023-03-28: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ 12 0

2023-03-28: САЙРАМ АУДАНЫНДА «КҮМІС ЖАС» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 178 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР 16 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «JAS TALANT» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ 15 0

2023-03-28: ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН 50 ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ЖӘНЕ 100 ІРІ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫ САЛЫНБАҚ 14 0

2023-03-28: 29 НАУРЫЗДА ЖАҢА САЙЛАНҒАН ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІ 14 0

2023-03-28: ТҮРІК КОМПАНИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА МЫРЫШ ЗАУЫТЫН АШУҒА НИЕТТІ 11 0

2023-03-28: ОҢТҮСТІККОРЕЯЛЫҚ КОМПАНИЯ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700 МЛРД ТЕҢГЕГЕ СЭС САЛМАҚ 13 0

2023-03-28: ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 10 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САПАЛЫ ЖАРЫҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ 16 0

<=Нау 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

29

30

31

Галерея