
«Былғары өнімдерінің нарығын көп уақыт бойы зерттедім, ол үшін Оңтүстік Қазақстан облысы орталығындағы сауда үйлерінің бәрін аралап шықтым. Содан кейін ғана бзнес жоспар жасадым, – дейді серіктестік директоры Н. Мержібаева. – Екі миллион теңге грант ұтып алдым, оны құрал жабдық және шикізат сатып алуға жұмсадым. біздің шығарған өніміміз Астана мен Алматы қаласындағы супермаркет иелеріне өатты ұнады. Олар бүгінде біздің әріптесіміз. Өз өнімдерімізді жеткізіп тұрамыз. Алматыдағы әріптестеріміз арқылы Мәскеу нарығына шығуды жоспарлап отырмыз. Өндірісімізді кеңейтпек ниетпен жуырда ғана «Ырыс» микро қаржы ұйымынан екі миллион теңге несие алдық. Біздің облысымызда былғары өнімдері нарығы дамымай қалған, мамандар жоқ. Сол себептен де нарықты әлі де зерттеу үстіндеміз. көрмелерге қатысып тұрамыз».
«Spirit Казақстан» ЖШС-і «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан, жоғары технологиялы құрал жабдықтарда пластик өнімдерін өндіреді. Бөтелкелерге арналған полимерді қалпақтар, жеміс жидектерге арналған жәшіктер, 0,5, 1,0 және 1,5 литрлік пластик бөтелкелер шығарады. Өндірілген өнімнің 50 пайызы Қырғызста миллион теңге несие алған.