
Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында ішкі және сыртқы туризм өркендеу үстінде. Өңірімізге қанша турист келгені туралы жыл соңында ақпарат дайын болады, алайда олардың қатары күннен күнге арта түсуде.
Күнгей бүгінде еліміз бойынша ең турист көп келетін өңірлердің арасында бесінші орында тұр. Өңірімізде туристерді тартуға деген барлық мүмкіншілік мол. Қыс айының қысқа әрі жылы болуы, жаз айының да өзіндік артықшылықтарының болуы тартымдылықты арттыра түседі. Жаңбырдың түсімі жылдығына 150 мм, ал таулы аймақта 800 мм-ді құрайды. Батыс Тянь-Шань тауларында табиғаттың төл тумасы арша, жабайы алма, өрік сақталған. Ал таудың тым биік тұстары дәрілік шөптерге бай.
Алдағы уақытта туристерді молынан тарту үшін заманауи инфраструктураны дамыту қажет. Жол, темір жол, әуе жолдарынан бастап, қарапайым дәретхана, дәмхана, қонақ үйлердегі қызмет сапасын жақсарту үшін барынша жағдай жасалуда.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін туризм саласын дамытуға арналған Концепциясында туристік кластерді мемлекеттік жекешелік бағыты бойынша дамыту ұсынылып отыр. Ол мына жүйе бойынша жүзеге асырылады: мемлекет өзінің міндетіне жол құрылысын өз міндетіне алады… Бұл бағыттар бойынша бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасында, Түркістан, Отырар ауданында, Сайрам-Өгем және Сырдария-Түркістан табиғи ұлттық парк аумағында жұмыстар жүргізілуде. Еліміздегі өңірлік мемлекеттік табиғи парктер туризмді дамытуды негізгі бағыт етіп алып отыр.
И. Лунин