
Қаракөл қойларын өсіретін арнайы өндіріс орындары болатын кезінде. Кеңеспен бірге келмеске кеткені де бар. Тәуелсіздіктің арқасында бүгінде шаш етектен пайда әкелетін саланың тамырына қан жүгіріп, жанданып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Созақ ауданындағы «Қара Құр» өндірістік кооперативі бүгінде қаракөл тұқымын өсіріп бастауда өзгелерге өнеге болуда. Тек елімізде ғана емес шетелдерге де экспорттауда. Тек қаракөл қозылары ғана емес экспортқа қой, сиыр, түйе етін шығаруда. «Дисада» ЖШС-нің директоры, кәсіпкер Санат Сүлейманов: «Қара-Құр» өндірістік кооперативі осы уақытқа дейін 2 партия ұсақ малды экспорттап үлгерді. Таза жем шөппен бағылған ұсақ малдар қоңды, экологиялық жағынан таза болғаннан кейін шетелдіктерден сұраныс көп. Келешекте Араб мемлекеттеріне экспортқа аудан агроқұрылымдарынан ұсақ мал мен сиыр, түйе етін шығару ісін жүйелі түрде жалғастыратын боламыз».
Аталған серіктестік шетелге 50 мың бас ұсақ мал төлін сату жөнінде келісімшартқа қол жеткізген болатын. Созақтық кәсіпкерлер алдағы уақытта Теріскейдің Таукент кентінде орналасқан «Таукент мал сою цехын» күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосуды жоспарлап отыр. Аталған цех іске қосылғанда ауыл шаруашылығы малдарының етін мұздатылған күйінде шетелге экспорттау жоспары тұр.