
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Шардара қаласындағы Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлы тұлға», «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» және «Қарттарым – қазынам» тақырыптарымен үш мерекені қамтыған салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрмаханбет Сапаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Ақшагүл Бералиева, ардагер ұстаздар Жамал Төлешова мен Мұхамбет Мұңалбаев сөз сөйлеп, ұстаздар қауымын айтулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік жиын қазақ, орыс, ағылшын – үш тілде жүргізіліп, балабақша бүлдіршіндері мен мектептің өнерлі оқушылары үш тілде концерттік қойылымдар қойысты.
Ұстаздардың төл мерекесі үстінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Құрмет» грамотасымен, облыстық білім басқармасының «Алғыс хатрарымен», аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Ардагер ұстаздарға аудандық білім бөлімі тарапынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар таратылды. Мәдени шара жоғары деңгейде өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.