Оңтүстік жастары:
OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Қазақстан 2050:
Жас мамандар үшін келелі кеңес
Күлмекке жақсы:
«Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау:
Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас:
Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...:
Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: facebook
ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСТАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА ӘҢГІМЕЛЕСТІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қаратау аудандық жастар орталығының коворкинг залында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Махсұт Исахов қала жастарымен еркін форматта кездесті.
Іс-шараға «Шымкент жастар лигасының» 2 орын иегерлері, оқу орындарының және қаламыздың белсенді жастары қатысып, белсенділік танытты.
Еркін форматтағы кездесу барысында қала әкімінің орынбасары орталықтың жұмыс барысымен танысып, қала жастарының қызығушылықтары жайында әңгімелесті.
Сонымен қатар, Мақсұт Пернебайұлы жастарды толғандырып жүрген мәселелері мен алдағы жоспарлары жайында пікір алмасып, еңбек тәжірибесімен бөлісті.
Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.
Еркін форматтағы мұндай жүздесулер аудандық жастар орталықтарында тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі