Әлеумет Утилизацияға көлік қабылдау қайта басталды… Утильдік алымнан қандай көліктер босатылады? Редактор 18.01.2022 3708 1 оқу мин Қабылдау орындары 17 қаңтарда ашылды, электронды кезек те жұмыс істеп тұр. Ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау 5 қаңтарда басталады деп жоспарланған. Бірақ елде тәртіпсіздік басталды, кейін ҚР президенті утилизациялық алым жинайтын мемлекеттік оператор құруды және алым мөлшерін қайта қарауды тапсырды. Сөйтіп ескі техника қабылдайтын орындар бүгін ғана ашылды. Kolesa.kz-ке Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлағандай, «ӨКМ операторы» ЖШС мемлекеттік оператор құрылғанға дейін бұрынғы міндетін атқара береді. Мемлекеттік оператор нақты қашан құрылатынын министрлік айтқан жоқ, бірақ президент тапсырмасын тезірек орындауға тырысатынын мәлімдеді. 2022 жылы жеңіл көлік үшін сұралатын алым мөлшері 459 450 теңгеден 3 522 450 теңгеге дейінгі аралықта болады. Утильдік алымнан электромобильдер ғана босатылған. Ал машинасын өткізген азаматтарға 165 402 теңгеден 661 608 теңгеге дейін өтемақы беріледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 794 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 1064 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1658