Әлеумет Утилизация алымы Әлия Назарбаеваның жаңа компаниясына тиесілі ме? Редактор 21.01.2022 3612 1 оқу мин Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша,кәдеге жарату алымын әкімшілендіру функциясы берілген «Жасыл даму» АҚ толығымен мемлекетке тиесілі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап. «Жасыл даму» халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына қосылу туралы бұрын қабылданған қаулы күшін жойды. «Жасыл даму» акционерлік қоғамы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады және мемлекеттің қатысу үлесі 100%-ды құрайды. Яғни, акционерлік қоғам құрамында басқа жеке және заңды тұлғалар жоқ» деп хабарлады министрлік. «Жасыл Даму», ең алдымен, қысқа мерзімде ӨКМ мемлекеттік операторының қызметін жоспарлы режимде қалпына келтіруі тиіс. Бұл ретте кәдеге жарату төлемінің ағымдағы мөлшерлемелері уәкілетті орган мөлшерлемелерді қайта қараған сәтке дейін қолданыста болады. Оларды әзірлеу және талқылау жақын арада жоспарланып отыр. 2022 жылғы 11 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәдеге жаратуды жинаумен шет елдердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы тиіс екенін атап өтті. Еске салсақ, әлеуметтік желілерде бұдан былай кәдеге жарату алымымен айналысатын мемлекеттік ұйым жариялаған «Жасыл Дамуға» экология министрлігінен халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына берілгені туралы хабарланды. Басында халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына жалғыз құрылтайшысы экология министрлігі болды. Содан кейін 50% акциясы Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығына 50 миллион теңгеге сатылды. Қауымдастықтың екі құрылтайшысы бар – Әлия Назарбаеваның жеке қоры және G-Global коалициясы. G-Global коалициясының үш құрылтайшысы бар – «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Төлеутай Рахымбеков пен оның қызы Әлияның ЖШС-не тиесілі. ”Адырна” ұлттық порталы Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 660 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 1016 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1549