Әлеумет Утилизацияның басшысы ұсталды, орынбасары шәйнектің сымымен асылып өлді Редактор 26.01.2022 4153 1 оқу мин «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиев шәйнектің сынымен асылып өлген. Осыған дейін ультиалымға жауапты болған мекеме «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды, деп хабарлайды Экспресс К. Telegram-дағы Kozachkovv арнасының жазуынша, елорда полицейі қазіргі кезде тергеуді бастаған. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеуді бастады. Алдын-ала нұсқасы — суицид. Өз-өзіне қол жұмсаған, — деп жазды ол. Руслан Шәмшиев бұл қызметке өткен жылы тағайындалған. Оған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеген. Кейіннен Полиция департаменті ақпаратты растады. Михаил Козаачковтың жазуынша, Руслан Шәмшиев жұмыс орнында электр шәйнегінің сымымен асылып қалған. Сонымен қатар, бүгін осы мекеменің директоры Медет Құмарғалиев қамауға алынды. Онымен бірге Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов та ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми түрде хабарлады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 794 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 1145 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1658