Саясат Е.Карин: 5-6 қаңтарда Сириядан видеоүндеумен соғысқа шақырды Редактор 08.02.2022 7354 1 оқу мин ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Qasqa Jol ютуб арнасына сұхбат берді. Сұхбатта қаңтар айында Маңғыстауда басталған митинг, Алматы мен өзге де қалаларда әскерилер қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар, митинг кезінде ұсталып абақтыда қысымға ұшырап жатқандарға қатысты айтылды. Оқи отырыңыз Қарин жазықсыз өлгендер үшін кім жауап беретінін айтты Мемлекеттік хатшы 5-6 қаңтар күндері Қазақстандағы радикалды топ мүшелеріне видеоүндеу жасалғанын айтты. 5-6 қаңтар күндері елдегі радикалды жақтаушыларға видеоүндеу жасалды. Видео кейін шығатын шығар, интернеттің бұғаттылуына сол себеп болды. Бұл өте қауіпті жағдай. Егер қолдау тауып кетсе болған жағдайлар қандай бағытта өрбитінін айту қиын. Үндеу қауіпті болды. 2016 жылы маусым айында Ақтөбеде террористік акт болған. Шағын бір топ бүкіл қаланы дүрбелеңге салды. Қару-жарақ дүкеніне кіріп, бейбіт нысандар мен әскери бөлімдерге шабуыл жасады. Үш-төрт күн бойы антитеррористік операциялар жүргізілді. Бұл акцияға шамамен 25 адам қатысқан, – деді Қарин. Ақтөбедегі жағдай туралы айтқан мемлекеттік хатшы бұл жағдайдың қаңтар оқиғасымен ұқсас сценарийде өрбігенін жеткізді. Айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде де видеоүндеулер тарап кетуі мүмкін болған. Олар туған күнге жиналған. Ішіндегі бір адамда ғана осындай ой болған. Сол оқиғалардан жарты жыл бұрын Сирияға кете алмай қалған. Шабуыл жоспарын қалғандар білмеген. Сол кезде ол Whatsapp желісінен келген аудионы тыңдатқан. Тыңдағандар соған еріп кеткен. Пәтерді де қару-жарақ дүкеніне жақын жерден жалдап алған. Бір ғана аудиоүндеуді тыңдап алып, жиһад ұйымдастырмақ болған. Осындай видеоүндеулер тарап кеткенде не болар еді? Сценарийлері де ұқсас болды, кәдімгі соғысқа шақырды, – деді Ерлан Қарин. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 290398 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 320624 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 328716