Саясат Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар тасымалы жандана түспек Редактор 13.02.2022 3063 1 оқу мин Әңгіме екі жыл бұрын пандемияға байланысты үзілген теміржол және автобус тасымалы туралы болып отыр. Өзбекстан мен Қазақстан билігі екі жыл бұрын коронавирустық пандемияға байланысты үзілген теміржол және автобус жолаушылар тасымалының қайта қалпына келтіреді. Бұл туралы Өзбекстан-Қазақстан тиісті жұмыс тобының кезекті отырысында айтылды. Оны Өзбекстан көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Тараптар эпидемиологиялық талаптарды жеңілдету және жерүсті көлігімен жолаушыларды тасымалдауды қалпына келтіру үдерісін жеделдету маңыздылығын қуаттады» делінген министрлік хабарламасында. Жиында мамандар Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек темір жолы мен Үшқұдық-Қызылорда көлік дәлізінің инфрақұрылымдық жобаларын қарастырды. Сонымен қатар, Өзбекстан мен Қазақстан аумақтарында әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін жаңа әуе бағыттарын енгізу мәселесі талқыланды. «Осы жаңа бағыттарды енгізу арқылы ұшақтардың ұшу уақытын айтарлықтай қысқартуға қол жеткізуге болады, бұл өз кезегінде жаһандық экологиялық жағдайға оң әсерін тигізеді, жанар-жағармайды үнемдейді және аймаққа қосымша пайдаланушыларды тартады» делінген хабарламада. Covid-19 таралуына байланысты 2020 жылдың наурызында елдер арасындағы жолаушылар тасымалы тоқтатылды. 2020 жылдың қыркүйегінде Өзбекстан мен Қазақстан арасында әуе қатынасы қайта жанданды. 2021 жылдың мамырында Ташкент теміржол рейстерін кезең-кезеңімен қалпына келтіруді бастау ұсынысымен Нұр-Сұлтанға жүгінді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 1 оқу мин Саясат ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 25.04.2024 1526 Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 1 оқу мин Саясат Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 24.04.2024 1670 ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 6016