Саясат Тоқаевтың баспасөз хатшысының «алтын» сағаттары желіде қызу талқыға түсті Редактор 15.02.2022 2113 1 оқу мин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли таққан «алтын» сағаттар әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түскен. Алайда Берік Уәлидің өзі қымбат сағаттар тағатынын жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Берік Уәли Бұған дейін қазақстандық Telegram-арналардың бірінде Уәлидің қолындағы сағаттар шамамен 30 мың доллар тұратыны жайлы ақпарат тараған. 13 ақпанда мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларынан кейін қаза тапқан азаматтардың 40 күндігіне орай Хазірет Сұлтан мешітіне барған. Осы кезде баспасөз хатшысының да болғанын көруге болады. Берік Уәли ақпараттың жалған екенін және сағаттардың бұдан әлдеқайда арзан екенін айтады. «Жылтыраған сағаттың бәрі алтын емес», — деді ол. Сонымен қатар әлеуметттік желіде Сарыарқа ауданының жаңа әкімі баспасөз хатшысының інісі екені туралы да ақпарат тараған. «Жүсіпов Жұмағұлмен ешқандай туыстық қатынасымыз жоқ. Оның кім екенін білмеймін, бұрын мүлде араласпағанмын», — деп мәлімдеді ол КазТАГ басылымына берген сұхбатында. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 1 оқу мин Саясат Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 24.04.2024 980 ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 5675 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 5636