Саясат Енді мектептерде «өзін-өзі тану» міндетті пән ретінде оқытылмайды Редактор 17.02.2022 5949 1 оқу мин 2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінде “өзін-өзі тану” таңдау пәні ретінде оқытылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, ведомствоға пәнді мектеп бағдарламасынан шығару туралы ұсыныстар келіп түсіп жатқан көрінеді. “Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Ұлттық білім академиясы аталған міндетті пәнді мектептерде келесі оқу жылынан бастап факультативтік санатқа ауыстыру бойынша жоба енгізді. Яғни қыркүйектен бастап «өзін-өзі тану» пәнін бұрынғыдай 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып жатыр”, – делінген хабарламада. Пәнді факультативтік тізбеге ауыстыру бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын жаңарту және білім алушылардың оқу жүктемесін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде жүргізілетін болады. Айта кетсек, “Өзін-өзі тану” бағдарламасының авторы – Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева. Пән алғаш рет 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. 2010 жылдың басында «Өзін-өзі тану» пәні 10500 білім беру мекемесінің 184-інде оқытылды. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап «Өзін-өзі тану» міндетті пән ретінде енгізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 290398 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 320624 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 328716