Саясат Елімізде балалар жазда сабақ оқитын болды Редактор 30.03.2022 3073 1 оқу мин Былтыр тәжірибе ретінде енгізілген «жазғы мектеп» биыл да жалғасатын болды. Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримованың айтуынша, жазғы мектеп пандемия кезінде оқу үлгерімі нашарлаған оқушыларға арналған, деп хабарлайды Экспресс К. Жазғы мектептегі сабақ 1-8 және 10 сынып оқушылары үшін 26 мамырдан 17 маусымға дейін болады. Ал 9 және 11 сынып оқушылары бұл кезде мемлекеттік емтихандар тапсырады. Жазғы мектептің мақсаты — оқу пәндері бойынша оқушылар арасындағы білім алшақтығын жою. Оқушылар өз білімін әр бағыт бойынша толықтырып, жетілдіріп, көтеріп алады. Сабақтар ақысыз өтеді. Әр мектеп өзіне ыңғайлап сабақ кестесін жасайды, — деді Гүлмира Каримова. Оның айтуынша, мектептер жазғы уақытты пайдалы әрі тиімді өткізу үшін бұған дейін де жазғы лагерь мен мектеп ұйымдастырып келген. Мұндай форматтағы сабақтарды жеңіл әрі ойын түрінде өткізуге мүмкіндік береді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 3801 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 4451 ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 29.03.2024 4059