Экономика Мемлекеттен қайтарымсыз 5 миллион теңге алудың мүмкіндігі туды Редактор 17.05.2022 19708 1 оқу мин Әрбір қазақстандықтың мемлекет қазынасынан өз қажеті үшін 5 миллион теңге алуына жол ашылды. Ол үшін қызықты бизнес-жоспар құру қажет. Жас кәсіпкерлерге арналған бұл бірегей байқау еліміздің барлық аймағында өткізіледі. Конкурсқа қатысушыларға қойылар бір ғана талап — әрбір үміткер ұйымдастырушыларға бұрын-соңды болмаған тың бизнес-жоспарын ұсынуға тиіс, деп хабарлайды Экспресс К. Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер басқармасындағылар жас кәсіпкерлердің жұмысын бағалау кезінде тың шешімдерге басымдық берілетінін айтады. «Конкурсқа бұрын қолданылмаған материалдар, технологиялар мен әдістерді пайдалана отырып, тауар айналымы немесе қызмет көрсету секілді белгілі саладағы нақты жобаны жүзеге асыруға бағытталған жаңа бизнес-идея ұсынылуға тиіс», — дейді басқарма өкілі. Аталған гранттарға қаржы мемлекет қазынасынан бөлінеді. Қажет болған жағдайда қажетті соманы жергілікті бюджет есебінен толықтыруға болады. Жеңімпаздар санының бірнеше адаммен шектелмеуі мүмкін. Грантқа ие болған жас кәсіпкердің мемлекеттен алған бес миллион теңгені қажетті жобаға жұмсаған жағдайда ғана қайтармайды. Кәсіпкерлер басқармасы 18 ай бойы қаржының қандай мақсатқа жұмсалғанын қатаң бақылауда ұстамақ. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілердің өтінішін қабылдау 2022 жылдың 26 мамырында басталып 3 маусымда аяқталады. Толығырақ сілтеме арқылы білуге болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 334920 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 356271 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 364428