Әлеумет Кәсіподақ пен спорт Редактор 25.05.2022 2320 1 оқу мин Спорттық іс шара «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлы және «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өтті. Жарыс алаңына шыққан Түркістан облыстық медицина ұйымының мамандары өзара команда құрып, мықтыларын анықтады. Түркістан облысының медицина қызметкерлері жоғары кәсіби қасиеттерге ие болып қана қоймай, белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданатынын тағы бір дәлелдеді. Салауатты өмір салтын насихаттайтын мұндай шара облыстық кәсіподақта жылда тұрақты түрде өткізіледі. Бұл іс-шараға қолдау көрсеткен «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Катбаев Сакен Арыстанұлы жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етті. Жалпы футбол жарысына емдеу мекемесінің қызметкерлерінен құралған 13 команда қатысты. Жүлделі бірінші орынды Сарыағаш аудандық ауруханасы алды. Екінші орынды Мақтарал аудандық Атакент ауруханасы, үшінші орын Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына бұйырды. Бұндай үлкен көлемдегі спорттық шараға кәсіподақ мүшелері алғыс айтып , үлкен ынтамен қатысты. Спортттық шараның негізгі мақсаты- қоғамға АИТВ-ның берілу жолдары, инфекциядан қорғану әдістері және ауруды уақтылы диагностикалау, жұқтыру қаупі туралы хабардар ету болып табылады. Алаңда спорттық рух орнап, іс-шара жоғары деңгейде өткізілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 507 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 860 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1430