Саясат Елдің тыныс-тіршілігін жақсартуға өз үлесін қосуды мақсат ететін әр азамат референдумда өз ұстанымын білдіре алады Редактор 26.05.2022 3594 1 оқу мин Елдің саяси жаңғыруы туралы шешімді қабылдауды халықтың өз қарауына қалдыруды жөн көрді Қасым-Жомарт Тоқаев. Оның биыл ұсынған реформалары референдумда халықтың дауыс беруі арқылы қабылданатын конституциялық өзгерістерде көрініс таппақ. Жаңартылған Конституция қабылданғаннан кейін Мәжілісті жасақтаудың 70/30 қатынасындағы аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Яғни, Мәжіліс депутаттығына азаматтар партиялық тізім бойынша ғана емес, өзін-өзі ұсынуы арқылы да сайлана алады. Облыстық мәслихаттардың депутаттары да 50/50 қатынасында сайланады, сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихаттарды сайлаудың мажоритарлық жүйесіне көшу жүзеге асады. Бұл азаматтардың Мәжіліс пен мәслихаттарды жасақтауға тікелей қатысуын арттырады. Қазір партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайды. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы төмендеп, олар өз даусының маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбеді. Сонымен қатар сайлау алдында берген уәдесін орындамаған депутатты кері қайтару тетігі енгізіледі. Билік пен саясатқа тікелей араласып, елдің тыныс-тіршілігін жақсартуға өз үлесін қосуды мақсат ететін әр азамат референдумда өз ұстанымын білдіре алады. Есеналиев Аскат Ералыұлы з.ғ.к., доцент, Ұлттық заң ғылымдары академиясының академигі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 3425 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 4246 ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 29.03.2024 3561