Әлеумет Танысының қымбат тонын ұрлаған күдікті құрықталды Редактор 29.05.2022 8560 1 оқу мин Танысының қымбат тонын ұрлаған күдікті құрықталды Бүгінде ұрлық өршіп тұр. Жақын таныстарының өзін алдап, үйін үптеп кететіндердің қарасы азаймай отыр. Жуырда Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның үйіндегі жатын бөлмедегі шкафтың ішінде тұрған бағалы тонының үйіне келген қонақтардың бірі жасырын ұрлап кеткен. Аталған оқиғаны полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ақпарат алған бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Олар сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде тонды ұрлаған күдікті жәбірленушінің жақын танысы, жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, ер адамның құмар ойын ойнайтындығы белгілі болған. Оған ақша қажет болған соң, туысының тонын ұрлап, ломбардқа өткізген. Алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Ұрланған тон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ғимараттар мен тұрғын үйлерге, дүкендерге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Бұл өз кезегінде ұрлықтың алдын алуға өз септігін тигізеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 35855 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 34164 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 33156