Әлеумет Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен кездесті Редактор 30.05.2022 3918 1 оқу мин Түркістан: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен және орталыққа келген халықпен кездесті 5 маусымда өтетін референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб өңір көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізуде. Осы мақсатта Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және облыстық штаб мүшесі, облыстық мәслихаттағы мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ө.Мелдеханов Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымымен және сондағы халықпен жалпы, 150-ге жуық адаммен кездесті. Қ.Балабиев және Ө.Мелдеханов облыс тұрғындарына Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, референдумға белсенді қатысуға шақырды. Өз кезегінде, жиынға қатысушылар референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, референдумға қатысатындықтарын жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 605 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 1016 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1549