Әлеумет Құқық қорғаушылардың қырағылы… Редактор 01.06.2022 7252 1 оқу мин Түркістан облысында құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жетістіктер аз емес. Қоғам тыныштығын сақтау мен азаматтардың құқығын қорғауда басты роль ойнайтын тәртіп сақшыларының жұмысы бүгіне қиындай түскені анық. Өйткені ұрлық-қарлық, алаяқтық сынды қылмыс түрлері жыл жылжыған сайын артып келеді. Дегенмен өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайтын полицейлер қылмыстың алдын алуда күн-түн демей қызмет етіп жүр. Жұмыстары нәтижесіз де емес. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды жуырда. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның бағалы алтын сырғасын белгісіз жағдайда біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 150 000 теңге. Бағалы затының ұрланғанына сене алмаған кейуана ақыры амалсыздан полиция бөліміне шағымдануына тура келіпті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бабы бойынша тіркеуге алды. Оқиғаны естіген бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға тез арада келіп жетті. Полицейлер жиналған ақпарат көздеріне қарай қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде аталған ұрлық қылмысына қатысы бар күдікті арызданушының өзінің баласы болып шықты. Яғни, жәбірленушінің ішімдікке әуес ұлы ішімдік алу үшін өз үйіне ұрлыққа түсіп, анасының алтын әшекейін жымқырған. Ал қолды еткен алтын бұйымды көршісіне сатып жібермек болған. Десе де, тәртіп сақшыларының қырағылығы нәтижесінде жас жігіттен айғақты зат ретінде алтын сырға алынды. Күдікті өз істеген ісіне өкінішін білдіруде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оңай олжа орға жығатыны анық. Дегенмен оны елеп, ескермейтіндер көп. Құқық қорғаушылар өзгенің мүлкін қолды қылатындарды қашанда қалт жібермейді. Жұмыстарының нәтижелілігі де сондықтан. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366