Әлеумет Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде Редактор 16.06.2022 3360 1 оқу мин Есірткі затын өсіру, оны сату заңмен қудаланатыны белгілі. Алайда құқық қорғаушылардан да аяқ тартпай есік ауласында есіткі өсіретіндердің қарасы азаймай отыр. Түркістан облысына қарасты Шардара аудандық полиция бөліміне тұрғындардың бірінен хабарлама келіп түскен. Онда ер адам Шардара қаласының тұрғыны үйінің ауласында есірткі затына ұқсас өсімдік өсіп тұрғанын айтқан. Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті тұрғынның ауласынан 6 түп есірткіге ұқсас өсімдіктің өсіп тұрғаны анықталды. Полицейлер алынған есірткіге сот-сараптама тағайындап, «қарасора» болып шықты. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300-бабы 1-бөлігі «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша тіркеуге алды. Анықталғандай ер адам есірткі өсімдігіне ұқсас затты өзі тұтыну үшін өсіріп баптаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі затын заңсыз егіп-өсіру заң алдында жауап беретіндігін ескертеді. Денсаулығымызды сақтап қалу үшін, зиянды әдеттерден аулақ болып, есірткінің еліткеніне ермей адамдық қалпымыздан айнымайық. Зиянды заттардың өз өмірімізге, отбасымызға, бүкіл қоғамға зиянын тигізетінін саналы түрде сезінейік. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1214 ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 25.04.2024 1280 ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 24.04.2024 2215