Әлеумет Мекемеге ұрлыққа түскен үшеу анықталды Редактор 16.06.2022 2635 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне ер адам арызданып, өзіне тиесілі ғимаратта тұрған 330 дана жылу батареяларын, құрылысқа қажетті заттарын белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 500 000-ға жуық теңгені құрады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ақпаратты алған бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына жетті. Қылмысты ашу үшін сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде ұрлық жасаған үш ер адамның екеуі ұсталып, соңғысына іздеу жарияланды. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалған екеуі Нұр-Сұлтан қаласы мен Сарыағаш ауданының тұрғындары. Сондай-ақ күдікті өзбекстандық бұрын сотты болған. Қазіргі таңда ұсталған 2 күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталғандай таныс үш ер адам түнгі уақытта ғимаратқа кіріп, құрылысқа қажетті заттарды ұрлап, сатып, ақшасын жаратып жіберген. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 19.04.2024 805 Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 7 мемлекеттің бокс жұлдыздары оқу-жаттығу жиыныны өткізіп жатыр 19.04.2024 789 «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ 18.04.2024 1195