Әлеумет Комиссияға заңды шешім қабылдау үшін жолданады. Редактор 17.06.2022 3562 1 оқу мин Қоғамдағы әр адамға жанашырлық таныту, адамгершілікпен көмектесу әркімнің де азаматтық борышы. Әсіресе кішкентай бүлдіршіндерге қамқорлық таныту да парыз. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш Ааудандық полиция бөліміне такси жүргізушілері хабарласып, Қапланбек кентінің жанындағы Шымкент-Шыназ тас жолында 5-6 жастағы адасқан қыз баланың жүргенін байқағанын жеткізді. Түн ауасында айдалада кішкентай баланың жүруі әрине қауіпті. Тәртіп сақшылары жедел түрде оқиға орнына шығып, кішкентай қызды полиция бөліміне жеткізді. Олар бүлдіршінді тамақтандырып, ата-анасы туралы сұрады және бірден оның туыстарын іздеуге кірісті. Кәмелетке толмаған қыздың ата-анасын іздеуге Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілдері мен ювеналды полиция тобының инспекторлары жұмылдырылды. Полиция жақын маңдағы аумақтарды аралап, сол аумақтағы тұрғындарға 6 жасар қыздың суретін жолдаған. Нәтижесінде жоғалған қызын суреттен таныған қыздың анасы аудандық полиция бөліміне келді. Белгілі болғандай, кішкентай қыз түнде үйден көшеге шығып, жоғалып кеткен. Полицейлер кішкентай қызды анасына дін аман табыстады. Тұрғын сарыағаштық полицейлерге алғысын білдірді. Өз кезегінде тәртіп сақшылары қыздың ата-анасымен баланы қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. Балаларды дұрыс тәрбиелемеу жайты бойынша қыздың анасына қатысты жиналған іс құжаттар Сарыағаш аудандық әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға заңды шешім қабылдау үшін жолданады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 23.04.2024 695 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА 23.04.2024 980 ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 23.04.2024 2378