Әлеумет Құқық қорғаушылар суыққолдыларды құрықтауда нәтижелі жұмыс атқаруда Редактор 17.06.2022 1631 1 оқу мин Түркістан облысының тәртіп сақшылары тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін үйлеріңізге, дүкендерге, ғимараттарға бейнебақылау камераларын орнатуға кеңе беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда дүние-мүлкіне немқұрайлы қарайтындар ұрылардың олжасына айналуда. Дегенмен құқық қорғаушылар суыққолдыларды құрықтауда нәтижелі жұмыс атқаруда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарығаш аудандық полиция бөліміне ер адам арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күндіз 16:00 шамасында тұрғын үйіне белгісіз біреу кіріп, жиhаз тартпасында тұрған Өзбекстан Республикасының 1 500 000 сом купюрасын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Ресупубликасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Ақпарат алған бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алады. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын ұсталды. Анықталғандай күдікті ер адам үйде ешкім жоқтығын пайдаланып ұрлыққа түскен. Күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ер адамның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 660 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 1016 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1549