
Ағымдағы жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыстық әкімшілікте „Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы„ заңның жаңа моделін түсіндіруге бағытталған брифинг өтті. Бүгінгі таңда еліміз тұрақты экономиканың даму сатысына көтерілді. Осы орайда мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырып, үміткерлерді іріктеудің маңыздылығы тілге тиек етілді. Брифинг барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Айбек Шілманов БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына тиісті жауабын берді. Сондай-ақ биыл „Мемелекеттік қызмет туралы„ Заң қолданысқа енгізіліп, соған сәйкес заңға тәуелді актілердің қабылданғанын мәлімдеп, ондағы басты ерекшеліктерді атап көрсетті. Атап айтқанда мемлекеттік қызметтің жаңа мансаптық моделі, қызметкерлерге бекітілетін жеке жұмыс жоспарлары мен басшылардың жұмысын бағалай принциптері жайында баяндады.
Ал брифингке арнайы келген облыс әкімінің кеңесшісі — әдеп жөніндегі уәкіл Әмирдин Әлішев жаңа этникалық ереже туралы жиылғандарға кеңінен мағлұмат берді.