Әлеумет Қазан ұрлаймын деп құрыққа ілікті Редактор 18.06.2022 5629 1 оқу мин Бүгінде ұрылар құнды заттарды ғана емес, арзан бағалы қолына іліккен затты да үптеп кететін болған. Әйтеуір аз-маз ақша болса болғаны дейтіндей. Алайда қымбат, арзаны емес, әр қылмыстың жазасы барын ұмытып кететіні өкінішті. Арзан зат ұрлаймын деп ең қымбат өмірін саудаға салатынын ұғынбайды… Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөліміне жуырда әйел тұрғын арызданды. Оның айтуынша, үйінен құны 50 000 теңге тұратын қазанын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Ресупбликасының қылмысты кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бабы бойынша тіркеуге алды. Қоңырау түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына келді. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Көп ұзамай қазан ұрлағыш қарақшы қолға түсті. Нәтижесінде ұрлық жасаған күдікті Шымкент қаласының тұрғыны екендігі белгілі болды. Анықталғандай күдікті жәбірленушінің тұрғын үйіне жақын маңдағы досының үйіне көмектесуге асарға барған. Содан ауланың сыртында тұрған қазанға көзі түсіп, оңай жолмен олжалы болуды көздейді. Күдікті қазанды ұрлап, арнайы темір қабылдайтын орынға алып барып өткізіп, ақысына ішімдік ішкен. Қазіргі таңда тұрғынға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 660 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 1016 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1549