Әлеумет Түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 13 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды Редактор 18.06.2022 5316 1 оқу мин Жасөспірімдер тәрбиесін назардан тыс қалдырған ата-аналар баршылық. Түнгі уақытта баласының не істеп, қайда жүргенінен хабарсыз ата-анаар өздеріне жүктелер жауапкершілік барын сезінбейтіндігі өкінішті. Түрлі компьютер клубтары, ойын сауық орталықтары бұлар кәмелет жасына толмаған балалардың үйір болатын орындары болып саналатындығы анық. Осыны ескеріп тәулік бойы тыным таппай, кәмелетке толмағандардың ісімен айналысатын полиция қызметкерлері түнгі уақытта арнайы рейд жүргізді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жасөспірім қылмысының көпшілігі ата-ананың бақылауынсыз қалған балалардың қатысуымен орын алады екен. Мәселен, Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдердің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін кафелерде жүру бойынша 13 жасөспірімді анықтады. Олар түнгі уақыт шамасында адам жиі шоғырланатын дәмханалардың бірінде ойын-сауық ұйымдастырған. Сонымен қатар олардың ата-аналарын шақыртып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан Ресупбликасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша хаттама толтырды. Дәмхана иесі де жазасыз қалған жоқ. Осы жасөспірімдерге қызмет көрсеткен дәмхана иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 132-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» бойынша айыппұл салды. Осындай іс-шараларды жиі-жиі өткізу кәмелет жасына толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алатыны анық. Сондықтан да осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бар жауапкершілікті құқық қорғаушыларға артып қоймай ата-аналар да балаларын қатаң қадағалауы тиіс. Өз-өздерін қорғай алатындай дәрежеге жете қоймаған жас жеткіншектерді түрлі оқыс жағдайлардан сақтайтыны анық. Мұның барлығы да баласының қауіпсіздігін естен шығарған ата-аналарға ескертілді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 10980 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12701 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15211